Қасақана АИТВ жұқтыру дерегі: полиция өзге тұлғалардың қатысын анықтап жатыр

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 25 ақпанда Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысында қасақана АИТВ жұқтыру дерегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Атырау облысы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы өңір тұрғындарының бірінің адам иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) әдейі жұқтырғанын анықтаған.

"Ол күдікті деп танылып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жүргізіліп, басқа да тұлғалардың қатысы бар-жоғы анықталуда", – деді Санжар Әділов.

2026 жылғы 24 ақпанда Атырау облысының Полиция департаменті 23 және 28 жастағы екі азаматтың ұсталғанын мәлімдеді. Олар 2025 жылғы желтоқсаннан бері АИТВ-инфекциясы бар екені белгілі бола тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, транс тұлғалар ретінде ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

Алматыда үстіне ағаш құлаған 19 жастағы бойжеткен көз жұмды

Оралда төрт жасар бала терезеден құлап кете жаздады

Қазақстанның бес өңірінде бір күнде 5 орман өрті тіркелді

Алматыда Сайран көлінің айналасы абаттандырылады