Абай облысында 64 елді мекенді су басу қаупі бар

Фото: primeminister.kz
Абай облысында 64 елді мекенді су басу қаупі бар. Жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті мамандары осындай болжам жасап, алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тасқын қатері бар аумақтарда 42 мыңнан астам адам тұрады. Қазірдің өзінде 22 елді мекенде қауіп деңгейі едәуір төмендетілген, деп жазады qazaqstan.tv.

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, биыл Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма және Көкпекті аудандары жоғары тәуекел аймағында тұр.

Сондықтан ауыл маңындағы қорғаныс бөгеттері жөнделіп, арықтар тазаланып жатыр. 25 бөгет орнатылған. Өзен арналары бекітілген.

Ертіс пен Үлбі арналарын тікұшақпен бақылап, мамандар мониторинг жасаған.

Сақтықта қорлық жоқ. Өңірде тасқын бола қалған жағдайда қажет техника, құрал-жабдық пен мамандар дайын.

Дайындық жақын күндері "Көктем-2026" республикалық оқу-жаттығуында тағы пысықталмақ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді