Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қар жауады, түнде кей уақыттарда қалың қар түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауады, түнде кей уақыттарда қалың қар түседі деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді, кей уақыттарда тұман, көктайғақ болатыны болжанады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда 28 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Күндіз Абай облысының солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің Аягөз ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 41 градус қатты аяз болатыны болжанады.
Қызылорда облысында көктайғақ болып, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада 28 ақпанда көктайғақ болатыны болжанады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 35 градус қатты аяз болады деп күтіледі.
Түнде Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, облыстың таулы аудандарында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Шымкентте 28 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 28 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың орталығында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда 28 ақпанда күннің екінші жартысында көктайғақ болып, шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, түнде кей уақыттарда қар жауады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Алматыда 28 ақпанда түнде кей уақыттарда қар жауып, кей уақыттарда тұман, көктайғақ болатыны болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні 15 м/с құрайды. Қонаевта 28 ақпанда түнде және таңертең қар жауып, тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылы 28 ақпанда, сенбіде еліміздің екі өңірінде қатты аяз болатынын ескертіп, өз болжамдарымен бөліскен. -41°С дейін: Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде.