-41°С. Сенбіде еліміздің екі өңірінде қатты аяз болатыны болжанады
Сурет: pexels
Синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы сенбі, 2026 жылғы 28 ақпанға арналған ауа райының синоптикалық жағдайы мен қауіпті құбылыстарының болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК-ның деректері бойынша, еліміздің екі өңірінде түнде қатты аяз болады деп күтіледі:
- -35°С дейін: Қарағанды облысының солтүстік-шығысында;
- -41°С дейін: Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: жауын-шашын болады, негізінен қар жауады, түнде оңтүстік-шығыста қалың қар жауады", делінген болжамда.
Гидрометеорологиялық орталық республикамыздың басым бөлігінде жаяу бұрқасын жүретінін, тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғатынын, оңтүстік-шығыста соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жететіні, оңтүстік өңірлерде көктайғақ болатыны болжанады.
Бұған дейін синоптиктер 28 ақпанда Алматыда қолайсыз ауа райының болуына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript