Еліміздің бір өңірінде 27 қаңтарда қатты аяз болатыны болжанады
Сурет: pixabay
Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 27 қаңтар, алдағы сейсенбіге арналған синоптикалық жағдай мен ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжаммен "Қазгидромет" РМК мамандары бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған сәйкес, түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты аяз болады деп күтіледі: -20...-22°С.
"Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер қар, боран түрінде Қазақстанның барлық аумағына әсер ететін болады, ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсетіні болжанады. Республика бойынша көрініс табатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы, тұманның түсуі жатқызылады. Ал еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Жауын-шашынсыз ауа райы тек республикамыздың батысында ғана күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер бүгін, 26 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript