Еліміз бойынша 18 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Қазақстан, 18 наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2024 16:49 Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК мамандары 18 наурызға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстан аумағындағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"ҚР басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, атап айтқанда, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды ортақ табиғи құбылыс байқалады, ал батыс өңірде көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Бұған дейін синоптиктер еліміздегі үш қала: Астана, Алматы және Шымкентке қатысты үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: