Еліміз бойынша 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, 4 қыркүйек, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2023 16:37 Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК 4 қыркүйек арналған Қазақстан территориясы бойынша синоптикалық жағдай мен қолайсыз ауа райы құбылыстарына қатысты болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер елімізде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел тұрады, бұршақ жауады деп болжайды. 

"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, республикамыздың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр болады деп күтіледі, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда да қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) болады. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша найзағай ойнау, екпінді жел, бұршақ түсу түріндегі қолайсыз ауа райы басым. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Жамбыл облысы,  Қызылорда өңірінің шығысында, оңтүстігінде, орталығында,  Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының орталығында, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: