Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміз бойынша 9 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2023 16:58 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК 9 шілдеге арналған ауа райына қатысты болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде тұрақсыз ауа райының сипаты сақталады.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы болады деп күтіледі, жаңбыр жауады, республикамыздың оңтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, қатты жел тұрып, нөсер болады. Республикамыз бойынша жел екпін алады деп күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында өте ыстық болады деп болжанады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Алматы қаласының орталығында, Қостанай облысының солтүстік жартысында, Павлодар облысының солтүстік-батысында, шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: