17 желтоқсанда еліміздің екі өңірінде қатты аяз болатыны болжанады
"Солтүстік циклон, сондай-ақ онымен байланысты атмосфералық фронттар салдарынан Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, солтүстік-батыста қар жауады", - деп хабарлайды"Қазгидромет" РМК.
Еліміздің қалған бөлігінде антициклонның беті қайтып, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Республикамыз бойынша сипат алатын ортақ табиғи құбылыс - желдің күшеюі, солтүстік-батыста боран, тұман, батыста, солтүстік-батыста көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде солтүстік, орталық өңірлерде, сондай-ақ Жетісу облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында күн аяздап, 25-28 градус қатты суық болады деп күтіледі.
Астанада аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -13...-15°С, күндіз: -8...-10°С.
Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Арасында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -16...-18°С, күндіз: -5...-7°С.
Шымкентте аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -15...-17°С, күндіз: 0...-2°С.
Бұған дейін синоптиктер 17 желтоқсанда ауа райының күрт өзгеруі мүмкін екенін ескертіп, Астана мен еліміздің 10 облысында дауылды ескерту жариялаған болатын.