17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК 17 қыркүйекке арналған Қазақстандағы синоптикалық жағдай мен қолайсыз ауа райы құбылыстарының болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің болжамынша, республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жаңбыр мен қар аралас түрінде жауын-шашын болады деп күтіледі. Республикамыздың оңтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында екпінді жел тұрады, ал батыс, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс, орталық өңірлерде тұман түседі деп болжанады". "Қазгидромет" РМК
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында өрт қаупі жоғары болады.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді деп болжанады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript