"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 17 қазанға арналған ауа райы болжамы

Үсік, ауа райы болжамы, 17 қазан, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2026 19:51 Сурет: magnific.com
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған 2026 жылғы 17 қазанға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамына сәйкес, алдағы сенбіде Қазақстанның кей өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, болжам бойынша республикамыздың төрт өңірінде түнде суық болып ( -1...-8°С), үсік жүреді деп күтіледі:

  1. Алматы облысында;
  2. Жетісу облысында;
  3. Жамбыл облысының батысында, шығысында;
  4. Қызылорда облысының солтүстігінде.
"Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және қиыр батысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, батыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шығыста, солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Ауа райы болжамына сәйкес, еліміздің қалған аумағында кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:

  • жоғары өрт қаупі – Атырау облысында, Маңғыстау облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде;
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында.

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша 17-23 қазан аралығына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын. Сондай-ақ еліміздің шығысына қар түскенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: