"Антициклон ығысып, күн қайта жылынады". Еліміз бойынша 10 қазанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: pixabay
Синоптиктер алдағы сенбі, 2026 жылғы 10 қазанға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, кең ауқымды антициклон республикамыздКүның барлық дерлік аумағында жылы, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райын тудырады.
"Тек Қазақстанның шығысында ығысып бара жатқан циклондардың әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болатыны болжанады. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы, тұман жатқызылады", деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.
Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:
- жоғары өрт қаупі – Атырау облысында, Маңғыстау облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде;
- төтенше өрт қаупі – Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге (10-12 қазан) арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript