"Қар жауып, күн күрт суытады". Алматы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Zakon.kz сайтына Алматыда ақпан айының соңғы күндері мен наурыздың басында қандай ауа райы күтілетінін айтып, өз болжамдарымен бөлісті. Оған сәйкес, мегаполистегі көктем қара суық пен аппақ қардан басталады, бірақ келесі демалыс күндеріне қарай сынап бағаны плюсті көрсетеді.

"Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Светлана Аманқұлованың айтуынша, 2026 жылғы 28 ақпан – 6 наурыз аралығындағы болжам бойынша Алматы қаласында ауа райы өте құбылмалы болады деп күтіледі.

"Жексенбіде күндіз қар жауады, ал түнде қарай қар қалыңдай түсуі мүмкін. Тұман, көктайғақ, екпінді жел қатар жүреді. Ауа температурасы түнде: -7...-9°С, күндіз: -3...-5°С. 1 және 2 наурызда ауа райы жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы түнде -10...-12°С-ден -5...-7°С-қа дейін, ал күндіз -3...-5°С-ден +1...+ 3°С дейін өзгереді", - дейді синоптик.

3-6 наурыз аралығында қалада ауа райы тұрақсыз болады. Түнде, негізінен, қар жауады, ал күндіз аралас жауын-шашын болады.

"Түнде температура -1...-3°С-ден 0+2°С-ге дейін, ал күндіз сынап бағаны +3...+5°С-ден +6...+8°С-ге дейін көтеріледі", - деп атап өтті гидрометеорологиялық орталықтың өкілі.

Сонымен қатар, осы кезеңде көбінесе тұман, көктайғақ және екпінді жел болуы мүмкін.

Алматы бойынша 2026 жылғы 28 ақпан-6 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамы

Бұған дейін синоптиктер бүгін, 2026 жылғы 28 ақпанда еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен болатын.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды