Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Түтін, ауа сапасы, синоптиктер, Астана, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Қостанай, 28 ақпан, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2026 09:03 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 28 ақпанда Астана мен еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлауы ықтимал екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"28 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Астана, Павлодар, Қарағады, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, түнде Қостанай қалаларында күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылы 28 ақпанда, сенбіде еліміздің екі өңірінде қатты аяз болатынын ескертіп, өз болжамдарымен бөліскен. -41°С дейін: Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: