Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді
Сурет: pexels
Синоптиктер 23 қарашада еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті , деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болжамға сәйкес, Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында қала тұрғындарына мыналар ұсынылады:
- ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе тас жол бойында жүруден аулақ болу;
- балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуге кеңес берілмейді;
- өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
- ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз;
- дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript