Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Ауа сапасы, 14 ақпан, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балхаш, Теміртау, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер, Астана , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2026 09:33 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2026 жылғы 14 ақпанда еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасының нашарлау деңгейі артатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2026 жылғы 14 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балхаш, Теміртау, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер, Астана қалаларында күтіледі", делінген "Қазгидромет" РМК болжамында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мұндай кезде тұрғындарға ашық ауада болу уақытын, әсіресе жолдар мен басқа да ластау көздеріне жақын жерлерде жүруді қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қантамыр және аллергиялық дерті бар адамдар далада жүргенде өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүруі қажет.

Бұған дейін бүгін, 14 ақпанда Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: