Алматыда 2026 жылы 550 мыңнан астам жасыл желек отырғызылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Дархан Сатыбалды төрағалығымен өткен кеңесте қаланың жасыл қорын жаңарту және көгалдандыру мәселесі талқыланды.

Жасыл желектердің қазіргі жағдайы, 2026 жылғы отырғызу жоспары, апатты жағдайдағы ағаштарды санитарлық мақсатта кесу және кесілген жасыл желектің орнына жаңасын егу ережелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар қаралды. Бұл жөнінде Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, қаладағы жасыл аймақтардың ауданы 22,59 мың гектар. Бұл Алматы аумағының 33%. Алматы қаласының жасыл желектерін бұрын жүргізілген түгендеу нәтижесіне сәйкес барлығы 4 млн-нан астам ағаш бар, оның 2,3 млн-ға жуығы қоғамдық жерлерде өседі.

2030 жылға дейінгі дендрологиялық жоспарды әзірлеуге ерекше назар аударылды. Жасыл желектерді түгендеу аясында далалық таксация, барлық сегіз аудан бойынша топырақ талдауы жүргізіледі, ал қалалық ортаға бейім әрі ғылыми негізделген ағаш тұқымдық құрамы қалыптастырылады. Жұмыс нәтижесінде әр аудан үшін жеке дендрологиялық жоспар бекітіледі.

2026 жылы 550 мыңнан астам ағаш пен бұта егу жоспарланған. Оның ішінде биіктігі 5-6 метр болатын 7,2 мың ірі ағаш, 40 мың көшет және 500 мың көпжылдық бұта бар. Аллеялық екпелер магистральдық көшелерде, өзен жағалауларында және жолдарды қайта жаңарту учаскелерінде қалыптастырылады.

Кеңес қорытындысы бойынша Алматы әкімі жасыл қорды жаңартуға жүйелі және ғылыми көзқарасты қамтамасыз етуді, көшелерді қайта жаңарту жұмыстарын жаңа ағаш отырғызумен үндестіруді, сондай-ақ қабылданатын шешімдердің ашықтығын, жұртшылықпен және сарапшылармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді тапсырды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды