"Қар, жауын-шашын, боран". Қазақстан бойынша 3 наурызға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 3 наурыз, алдағы сейсенбіге арналған синоптикалық ахуал мен ауа райының қауіпті құбылыстарының болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған сәйкес, антициклон әсерінен еліміздің орталығы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

"Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын айқындап, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, солтүстікте, шығыста қар жауады, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарына қалың қар түседі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сондай-ақ, республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы, еліміздің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінің таулы аймақтарында жаяу бұрқасын жүріп, боранның соғуы, тұман, көктайғақтың болуы жатқызылады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы үш күнге (3, 4 және 5 наурыз) арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Үй жинаймын деп хантавирус жұқтырып алмаңыз - дәрігер

Тоқаев қазақстандық балаларға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

"Сарбаз" газеті 90 жылдығын атап өтті

Маңғыстау облысында ұлыбританиялық туристер мінген автокөлік сорға батып қалды

әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: сотталушы қаза тапқандардың туыстарынан кешірім сұрады