Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 500-ге жуық қазақстандық елге оралады – СІМ

Сурет: freepik
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, қақтығыс өршіген аймақтан азаматтарды эвакуациялау шараларын ұйымдастырды. Жолаушылардың негізгі бөлігі Масқат – Алматы бағыты бойынша екі арнайы рейспен елге жеткізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, сейсенбі күні таңертеңгі уақытта 278 қазақстандықтан құралған алғашқы топ Дубайдағы ҚР Бас консулдығының қызметкерлерімен бірге Масқатқа қарай жерүсті көлігімен жолға шықты. БАӘ және Оман шекарасында азаматтарға шекаралық рәсімдерден жедел өтуді қамтамасыз ету үшін консулдық қолдау көрсетілді.

Кейін осы бағыт бойынша 189 қазақстандықтан тұратын екінші топтың ұшуы жоспарланған. Осылайша, жалпы саны 467 Қазақстан азаматы елге оралады.

"Әуе рейстерінен бөлек эвакуация жерүсті бағыттары арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Қазақстанның Тегеран, Ашхабад және Горгандағы мекемелері Иран-Түрікменстан шекарасындағы "Инчебурун" өткізу пункті арқылы 15 ҚР азаматының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті. Оларға әрі қарай Ақтау қаласына жетуіне қажетті қолдау көрсетілді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Тегеран және Еревандағы дипломаттар Иран аумағынан "Заркух" компаниясының 35 қызметкерінің Иран-Армения шекарасы арқылы автобуспен шығуына жәрдем көрсетті.

"Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері эвакуация толық аяқталғанға дейін сол жердегі жұмысты үйлестіруді жалғастырып, азаматтармен тұрақты байланыста".Сыртқы істер министрлігі

Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыстан Қазақстанға алғашқы жолаушылар жеткізілгенін хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды