Таяу Шығыстан Қазақстанға алғашқы жолаушылар жеткізілді

Таяу Шығыстан Қазақстанға алғашқы жолаушылар жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2026 18:00 Сурет: freepik
Бүгін, 2026 жылғы 3 наурызда Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Астана және Алматы қалаларына екі эвакуациялық рейс орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, нәтижесінде 306 жолаушы Қазақстанға оралды.

Ведомство аталған бағытта Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізіліп, жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді.

"Жақын уақытта Медина және Джидда қалаларынан қосымша эвакуациялық рейстер ұйымдастыру жоспарланып жатыр", - делінген хабарламада.

Министрлік әлеуметтік желілерде жолаушылар тарапынан ризашылық пен оң пікірлер жарияланып жатқанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: