Таяу Шығыста қалып қойған қазақстандықтарды елге қайтару басталды

Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2025 13:29 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 2025 жылдың 25 маусымында отандық SCAT және Air Astana әуе компаниялары адамдарды эвакуациялау үшін Дубай мен Дохадан Алматы мен Астанаға алты рейс жасайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Таяу Шығысқа рейстер алты елді (Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливан) айналып өту арқылы жүзеге асырылуда.

"Мәселен, Air Astana 25 маусымнан бастап Дубайдан Алматы мен Астанаға, сондай-ақ Дохадан Алматыға ұшатын әуе рейстерін қайта іске қосты. Бүгінгі күнге дейін шегеріліп келген рейстердің жолаушыларын елге қайтару үшін қосымша репатриациялық рейстер де ұйымдастырылады." Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

"SCAT" әуе компаниясы азаматтарды Катар елінен Қазақстанға шығара бастады. "Доха-Алматы" рейсі бүгін Катар уақытымен сағат 07:35-те орындалды. Бортта 213 жолаушы болды.

Сондай-ақ, бүгін "Доха-Астана" рейсі орындалады. Борт Дохадан Катардың жергілікті уақытымен сағат 14:30-да ұшады деп жоспарланған. Жолаушылардың саны — 290 адам.

Азаматтарды әкетуге арналған келесі жоспарланған чартерлік рейстер:

  1. 27.06.25 Доха-Астана
  2. 29.06.25 Доха-Алматы

24 маусымда Израиль мен Иранның атысты тоқтату туралы келісімге келгені белгілі болды. Кейін Израиль армиясының Бас штабының басшысы Эйял Замир Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы жалғасып, жаңа кезеңге өтіп жатқанын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: