Қазақстанда сұйытылған газды экспорттау тыйымы тағы алты айға ұзартылды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Энергетика министрлігі "Сұйытылған мұнай газын тасымалдауға қатысты кейбір мәселелер туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес:

"Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және темір жол көлігі арқылы шығару тыйымын алты ай мерзімге енгізу"

Тыйым Қазақстандағы ішкі нарықты сұйытылған мұнай газы өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында енгізілетін болады.

Шектеу 2026 жылғы 14 мамырдан бастап күшіне енеді.

Бұйрық "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында 19 наурызға дейін қоғамдық талқылауға қойылған.

Еске салсақ, 2025 жылғы 14 қарашадан бастап Қазақстанда пропан мен бутанды автомобиль және темір жол көлігі арқылы экспорттауға тыйым тағы алты айға ұзартылған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

"Қайрат" "Андерлехттен" тағы да 0:3 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды

Қасым-Жомарт Тоқаев: ШЫҰ-ның басты мақсатын атады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

2027 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы мөлшері қандай болады