Атырауда бірнеше рет қалта ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Атырауда криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері "Мүлікті қорғау" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде қала аумағында бірнеше рет қалта ұрлығын жасаған 39 жастағы ер адамды ұстады.

Тексеру барысында күдіктінің қоғамдық автокөліктерде ұрлық жасап, ұрланған заттарды әртүрлі ломбард мекемелеріне тапсырғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды