Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 7 300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7 300-ден астам қазақстандық елге қайтарылды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі 2026 жылғы 9 наурызда.

Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылып жатыр.

"Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста", - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, бұған дейін бір тәулік ішінде Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанның 1,7 мыңнан астам азаматы ұшып шыққанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады