Бір тәулік ішінде Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанның 1,7 мыңнан астам азаматы ұшып шықты

Арнайы рейс, 8 наурыз, Таяу Шығыс елдері, Қазақстан, азаматтары, эвакуация, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2026 10:48 Сурет: freepik
2026 жылғы 8 наурызға қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанның 1,7 мыңнан астам азаматы арнайы рейстермен отанға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 наурыздан 8 наурызға қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға Air Astana, SCAT, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындап, нәтижесінде елге 1 786 жолаушы жеткізілді, делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

8 наурыз күні де қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары азаматтарды Қазақстанға қайтару үшін тағы бірнеше рейс орындауды жоспарлап отыр.

"3 наурыздан бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 рейс жасалып, 6 254 адам елге оралды. Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр", делінген хабарламада.

Бұған дейін Ираннан Қазақстанның қанша азаматы шығарылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: