Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанның қанша азаматы эвакуацияланды

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанның қанша азаматы эвакуацияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2026 19:18 Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан отандастарды эвакуациялау жөніндегі деректерді жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі 2026 жылғы 5 наурызда таратқан ресми мәліметке қарағанда, дипломаттар қақтығыс аймағындағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс жүргізген.

"Бүгінгі жағдай бойынша Таяу Шығыс елдерінің аумағынан Қазақстан Республикасының 2 463 азаматы эвакуацияланды", – делінген министрлік хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның тағы 167 азаматы Алматыға аман-есен оралғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: