Таяу Шығыстағы ахуал: ҚР СІМ ресми мәлімдеме жасады

Үндеуде АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде әлемнің біздің бөлігінде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін қатерлі салдары бар халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы байқалатыны айтылады.
"Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуда. Мемлекетіміз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажет деп санайды", делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.
ҚР СІМ барлық мүдделі елдерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу және халықаралық бақылаумен таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында келісімді жақын арада әзірлеуге шақырады.
Айта кетсек, 2025 жылы 21 маусымда Қазақстан ИЫҰ отырысында Иран мен Израильды атысты дереу тоқтатуға шақырды.
2025 жылдың 22 маусымына қараған түні АҚШ Әскери-әуе күштері "Ирандағы үш ядролық нысанға, соның ішінде Фордо, Натанз және Исфаханға" шабуыл жасады. Трамп бұдан кейін Тегеран қақтығысты тоқтатуға келісуі керек деп санайды.