СІМ Таяу Шығыстағы қауіпті әскери шиеленіске байланысты маңызды мәлімдеме жасады

СІМ Таяу Шығыстағы қауіпті әскери шиеленіске байланысты маңызды мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2025 18:40 Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қауіпті әскери шиеленіске байланысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігі шиеленісті саяси-дипломатиялық жолмен тез арада реттеуді құптап отыр.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпті әскери шиеленіске байланысты өз алаңдаушылығын білдіреді және қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен тез арада реттеуді құптайды", - делінген мәлімдемеде.

Ведомство қатысушы тараптарды барынша ұстамды болуға шақырды.

2025 жылғы 13 маусым күні таңертең Израиль "Арыстандар ұлты" операциясы аясында Иранның ядролық және әскери инфрақұрылымына соққы жасады. Шабуыл салдарынан Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) Бас штабының бастығы Хоссейн Салами мен Азад Ислам университетінің президенті Мохаммад Техранчи қаза тапты.

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан Республикасының Израильдегі елшілігі Израильде жүрген қазақстандықтар үшін жедел хабарлама жариялады.

Сондай-ақ екі қазақстандық әуе компаниясы жолаушыларға Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып ұшатынын және ұшу мен келу уақыттарының өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: