ҚР СІМ КҚК теңіз терминалына жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады

ҚР СІМ, КҚК, теңіз терминалы, шабуыл, мәлімдеме, Айбек Смадияров , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2025 09:21 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
30 қарашада таңертең Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, ҚР Сыртқы істер министрлігі Новороссийск теңіз порты акваториясында халықаралық Каспий құбыр консорциумының аса маңызды инфрақұрылымына бағытталған кезекті мақсатты шабуылға байланысты наразылық білдіреді.

"Бұл оқиға халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын азаматтық нысанға қарсы жасалған үшінші агрессиялық акті болып отыр", делінген мәлімдемеде.

Смадияровтың айтуынша, жаһандық энергетикалық нарықтың жауапты қатысушысы ретінде Қазақстан энергия ресурстарын тұрақты әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге ерекше мән береді.

"Каспий құбыр консорциумы әлемдік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын сақтауда айрықша орын алатынын атап өтеміз. Осы оқиғаны Қазақстан Республикасы мен Украинаның екіжақты қатынастарына залал келтіретін әрекет ретінде бағалаймыз және украин тарапы мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдайтынын күтеміз".Айбек Смадияров

Бұған дейін Қазақстан мұнайы тасымалданатын КҚК айлағы шабуылға ұшырап, жұмысын уақытша тоқтатқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: