Қазақстан мұнайы тасымалданатын КҚК айлағы шабуылға ұшырап, жұмысын уақытша тоқтатты
Сурет: Каспий құбыр консорциумы
Қарулы шабуылдан кейін қазақстандық мұнайды да тасымалдайтын Каспий құбыр консорциумының айлағына зақым келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
29 қарашаға қараған түні Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) айлақтарының біріне экипажсыз қайықтар шабуыл жасап, қатты зақым келтірді. ВПУ-2 құрылғысы пайдалануға жарамсыз деп танылды.
Мұнай тиеу жұмыстары дереу тоқтатылды, танкерлер акваториядан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Авариялық қорғау жүйелері құбырларды автоматты түрде жауып үлгерді, Қара теңізге мұнайдың ағуы анықталмады. Экологиялық мониторинг жүргізіліп, судан сынамалар алынды.
Аталған терминал арқылы қазақстандық ірі кен орындары — Теңіз, Қашаған және Қарашығанақта өндірілетін мұнай тасымалданады. Терминал қауіптердің көзі жойылғаннан кейін өз жұмысын жақын уақытта жалғастырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript