Қазақстан мұнай өндіру көлемін арттыра ма: энергетика министрі түсіндірді

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 11 наурызда Мәжіліс кулуарында мұнай өндіру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлан Ақкенженов Таяу Шығыс мұнайы нарықтан қысқарып жатқанын ескере отырып, Қазақстан мұнай өндіру жоспарын ұлғайта ма деген сұраққа жауап берді.

"Экономикалық даму жоспарына сәйкес, 2026 жылға арналған көрсеткіш – 100,5 млн тонна. Алайда өткен жылдың соңы мен осы жылдың басында болған оқиғаларға байланысты, яғни КҚК-ға жасалған шабуылдар мен Теңіздегі өртті айтып отырмын, көрсеткіш шамамен 96-98 млн тонна деңгейінде болады деп ойлаймын. Бұған мұнай, газ конденсаты және жеңіл көмірсутектер қоспасы кіреді. Біз бәрін бірге есептейміз", – деді министр.

Оның айтуынша, мұнай өндіру көлемін арттыру жоспарда жоқ.

"Біз өз жоспарымызға сай жұмыс істейміз деп ойлаймын. Жоғарыда айтқан көлем шегінде қаламыз", – деді энергетика министрі.

Министр сондай-ақ кен орындарының технологиялық жұмыс режимі бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл режим Энергетика министрлігінде бекітіледі және жер қойнауын тиімді әрі ұтымды пайдалануға бағытталған.

Еске салайық, бұған дейін энергетика министрі Таяу Шығыстағы қақтығыс мұнай экспорты туралы түсінік берген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы