Президент халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қолға алынған шараларды атады

Фото: freepik
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі аса маңызды инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар туралы мәлімет берді.

Оның айтуынша, бұл шаралар бұрын-соңды болмаған ауқымда жүргізілуде.

"Мемлекет ел өміріне қажетті аса маңызды инфрақұрылымды жаңғырту үшін бұрын-соңды болмаған ауқымды шараларды қолға алды. Су – тіршілік көзі екенін баршаңыз жақсы білесіздер. Қазақстан жер көлемі жағынан ірі мемлекет болғанымен, елімізде су көздері аз, тіпті, тапшы деуге болады. Сондықтан халыққа сапалы ауыз су беру, экономика салаларын су ресурсымен қамтамасыз ету еліміздің алдында тұрған стратегиялық маңызы бар міндеттер саналады". Президент

Президент атап өткендей, 2025 жылы Кендірліде су тұшыту зауыты іске қосылып, Жаңаөзен қаласы тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етілді. Биыл күзде Шардара су құбыры іске қосылып, қаланың 30 мың тұрғынына таза ауыз су беріледі.

"Жалпы, мемлекет еліміздегі бүкіл су инфрақұрылымы жүйесін дамыту үшін нақты шаралар қабылдауда. Атап айтқанда, Түркістан облысындағы Көксарай су қоймасында жаңғырту жұмыстары басталды, сонымен қатар Қызылорда, Жамбыл облыстарында су қоймалары салынып жатыр. Ауыл шаруашылығына орасан зор пайда әкелетін осы жобалар келесі жылы аяқталып, ел кәдесіне жарай бастамақ". Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев сөзінше, биыл су шаруашылығы нысандарын салу және жаңғырту бойынша 220-дан астам жоба жүзеге асырылып жатыр, бұл еліміздегі су қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосады.

"Халыққа таза ауыз су беру және экономика салаларын тұрақты су ресурстарымен қамтамасыз ету – стратегиялық маңызды міндеттердің бірі. Осы бағыттағы жұмыстар еліміздің дамуындағы басты басымдықтардың бірі болып саналады", – деді Президент.

Бұл жобалар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады