Бурабайды қоқыс басып қалған: қыс бойы қанша қалдық шығарылды

Фото: pexels
Бурабайға келген демалушылар ұлттық парк аумағына тонна-тонна қоқыс қалдырған. Бұл туралы қысқы тазалық жұмыстарын жүргізген парк қызметкерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, 2026 жылғы 1 желтоқсан мен 28 ақпан аралығында "Бурабай" МҰТП қызметкерлері 263 текше метр тұрмыстық қалдықты жинап, сыртқа шығарған.

"Көл мұзында және жағалау аймақтарында пластик бөтелкелер, пакеттер, азық-түлік қаптамалары, бір реттік ыдыстар мен басқа да тұрмыстық қоқыс қалып қояды. Көктемде мұз еріген кезде бұл қалдықтардың барлығы суға түсіп, көлдердің экожүйесіне зиян келтіруі мүмкін". "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі баспасөз қызметі

Сондай-ақ, ұлттық парк мамандары табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік бар екенін де ескертеді.

"Қыс мезгілінің үш айында "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғау режимін бұзу" бабы бойынша 34 дерек тіркеліп, әрқайсысына 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ бір келуші "Орманды қалдықтармен бүлдіру, ластау немесе орман қоры жерлеріне өзге де зиян келтіру" бабы бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Ақтөбе облысында полицейлер құжатсыз жүрген әйелге көмектескенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды