Павлодарда 4 км жаяу жүріп, қарлы боранда көліктер тізбегін алып шыққан "қаһарман әйел" марапатталды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
4 км бойы жаяу жүріп, көліктер тізбегін қарлы бораннан алып шыққан павлодарлық Мария Бедринаға алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін желіде Мария Бедринаның көліктер тізбегін қар құрсауынан алып шыққан бейнесі тараған болатын. Видеода көліктің қарлы боранның арасымен алға қарай баяу жүріп келе жатқаны көрінеді. Жүргізуші алдында жүрген адамның бейнесін бағыт ретінде ұстап, соның соңынан ілесіп отырғанын айтады. Желідегі ағайын әрекетті қызу талқылап, әйелдің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді. Дегенмен, көп ұзамай пікірлердің біріне Марияның қызы жауап беріп, анасының жағдайы жақсы екенін хабарлады.

Осыған орай, Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде төтенше жағдайда азаматтық жауапкершілік танытқан өңір тұрғынын марапаттау рәсімі өтті. Облыстық ТЖД бастығы Рустамбек Амрин "Ақсу–Павлодар" автожолында қатты боран кезінде адамдарға көрсеткен көмегі мен жанашырлығы үшін Мария Бедринаға алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

"Оның іс-әрекеті батылдық пен жоғары азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып табылады",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін қазақстандықтар жасанды интеллект көмегімен ұлттық киімдер "киіп" көргенін жазғанбыз.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз