Қазақстандықтар жасанды интеллект көмегімен ұлттық киімдер киді

Қазақстандықтар жасанды интеллект көмегімен ұлттық киімдер киді , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2026 09:46 Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Наурыз мерекесінің қарсаңында талдықорғандықтар жасанды интеллект көмегімен қазақ батырларының кейпіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Digital Nauryz" аясында Жетісу облысында AI Nauryz атты ашық қалалық алаң ұйымдастырылды. Бұл алаңда облыс орталығының тұрғындары мен қала қонақтары жасанды интеллект мүмкіндіктерімен танысып, заманауи цифрлық құралдарды интерактивті форматта пайдаланып көрді.

Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Ер азаматтар өздерін айбынды қазақ батырларының бейнесінде елестетсе, әйелдер жасанды интеллект арқылы жасалған көркем ұлттық киімдерді "киіп" көрді",- делінген Жетісу облысы әкімдігінің ақпаратында.

Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ерекше цифрлық іс-шара Талдықорғандағы жаяу жүргіншілерге арналған Арбат аймағы аумағында өтті.

Бұған дейін Алматыда Наурыз қарсаңында жеңілдіктер науқаны қызу жүріп жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: