Қазақстанда ұялы байланыс сапасын жасанды интеллект арқылы талдау басталады
Фото: pexels
Цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 28 сәуірде Үкімет отырысында ұялы байланыс сапасын жасанды интеллект көмегімен талдау жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, байланыс сапасын арттыру мақсатында операторлар телекоммуникациялық желілерді талдау үшін жасанды интеллект технологиясын енгізетін болады.
"Жүйе желі жүктемесін, пайдаланушылардың тығыздығын және базалық станциялардың орналасуын талдап, болжайды. Бұл инженерлердің қатысуынсыз-ақ ресурстарды автоматты түрде қайта бөлуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ алаяқтықпен күресу аясында AI-антифрод жүйесін енгізу жоспарлануда", – деді Мәдиев.
Жаппай қоңырау шалу, нөмірді бұрмалау немесе алаяқтық схемасына тән белгілер анықталған жағдайда жүйе қоңырауды абонент жауап бермей тұрып-ақ секундтың үлесінде бұғаттай алады.
Бұған дейін бизнесті ашуға арналған AI-көмекші әзірленіп жатқаны туралы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript