Ел дамуына үлес қосқан қазақстандықтар "Парасат" орденімен марапатталды

Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша премьер-министр Олжас Бектенов елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министр жаңа Конституцияның қабылдануы қоғамның бірлігі мен тұтастығының көрінісі әрі ауқымды реформалардың маңызды кезеңі болғанын ерекше атап өтті.

"Мемлекет басшысы реформалардың мәні ресми өзгерістерде емес, халықтың өмір сапасын жақсарту, әділеттілікті нығайту және мемлекетке деген сенімді арттыру екенін бірнеше рет атап өтті. Дәл қазіргі жағдайда мемлекеттік аппарат пен бизнес арасындағы үйлесімді жұмыс аса маңызды. Бұл реформалардың тұрақты ілгерілеуін және олардың қоғамға нақты пайдасын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы", — деді Олжас Бектенов.

"Парасат" орденімен марапатталғандар:

17 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтқаны үшін бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлап, салтанатты марапаттау рәсімінен фотосуреттер ұсынды.

Президенттің қолынан марапат алғандар қатарында Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Бас прокурор Берік Асылов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ішкі істер министрі Ержан Саденов, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Сәкен Исабеков және басқа да тұлғалар бар.

Қазақстан
Бектенов Олжас
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды