Оқиға 2026 жылғы 20 наурызда таңғы сағат 07:00 шамасында Астана – Петропавл тасжолында орын алды. Патрульдік полиция батальонының инспекторлары Мейрамбек Мекеш пен Асанали Алиханов жол шетінде тұрған "Газель" көлігін байқап, оның қақпағы астынан қою түтін шыққанын көрген.
Полицейлер көлікті тоқтатып, жүргізушіні шақырғанымен жауап алмады. Сол кезде инспекторлардың бірі бүйірлік терезені сындырып, көліктің ішіне кірді. Кабинадан ес-түссіз күйдегі ер адам табылды.
Полиция қызметкерлері жүргізушіні таза ауаға шығарып, алғашқы көмек көрсетті. Жедел жәрдем келмей тұрып оның жағдайын бақылауда ұстады, содан кейін дәрігерлерді ең жақын медициналық мекемеге жеткізді.
Тексеру барысында жүргізушінің көлікте ұйықтап кеткені және көмірқышқыл газына уланғаны анықталды. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп жоқ, денсаулығы тұрақты.
Полиция жүргізушілерге жолда тоқтау немесе түнгі аялдаулар кезінде көлікті қауіпсіз пайдалану ережелерін қатаң сақтауды еске салды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында шетелдік автокөліктің жүргізушісі жасөспірімді қағып, оқиғадан жасырынуға тырысқан болатын.