Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді

Сурет: mk-kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабалайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 24 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін", – делінген құжатта.

Ерванд Ильинский (туған жылы: 25 тамыз 1940, Воронеж) – кеңес және қазақстандық альпинизм шебері әрі бапкер. Қазақстанның альпинизм ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде шамамен 40 жыл қызмет етті. Бұл команда әлемде барлық 14 сегіз мыңдық шыңдарды бағындырған алғашқы команда болып есептеледі (1991-2010). 1990 жылы Эверест шыңын бағындырған, 2007 жылы Қазақстанда "Жеті шың" клубының алғашқы мүшесі болды. Көп мәрте КСРО чемпионатының чемпионы және жүлдегері. 1973 жылдан бері СКА САВО альпинизмінің аға бапкері болып жұмыс істейді.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

+41°C. Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі

Әлеуметтік желілердегі арандатушылыққа қатаң тосқауыл қойылады – Бас прокуратура