Оның айтуынша, қазіргі жағдай жаңадан зейнетке шығатын және болашақ зейнеткерлер үшін жоғалған табысты алмастыру коэффициенті бойынша тәуекелдерді сақтап отыр.
"Егер бүгінгі таңда 2,5 млн зейнеткердің 80%-ы бойынша табысты алмастырудың орташа коэффициенті 44%-ды құраса – бұған ынтымақты, базалық және жинақтаушы зейнетақылар кіреді, – ал жинақтаушы зейнетақы алмайтындар үшін, яғни БЖЗҚ-дан төлем алмайтындарда, табысты алмастырудың орташа коэффициенті 36%-ды құрайды. Яғни бұл жерде тек ынтымақты және базалық зейнетақы ғана бар, бұл Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған 40% деңгейден төмен", – деді Ертаев.
Ол елде қазіргі уақытта шамамен 900 мың жас буын зейнеткері бар екенін атап өтті.
"Олардың толық еңбек өтілі жоқ – бұл 1998 жылға дейін әйелдер үшін 20 жыл, ерлер үшін 25 жыл, немесе зейнетақы аннуитетін сатып алуға жеткілікті жинақтары жоқ. Бүгінде зейнетақы аннуитеті үшін әйелдерге 14 млн теңге жинау қажет. Ерлер үшін – 10 млн 700 мың теңге жинау керек. Сонымен қатар, әр түрлі кезеңде зейнетке шыққан адамдар арасында, сондай-ақ қалада және ауылда тұрған зейнеткерлер арасында зейнетақы мөлшерінде айтарлықтай айырмашылық бар. Мысалы, ауылда тұратындар қалада тұратындармен салыстырғанда шамамен 5,5%-ға төмен алады", – деп қосты министр.
Бұған дейін Қазақстанда алимент төлеушілердің нақты кірістері анықталатынын жазғанбыз.