Министрдің айтуынша, бұл тақырыпты шешілмеген мәселелер бар.
"2,9 млн адам зейнетақы жарналарын аудармайды. Бұлар – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) иелері және жеке кәсіпкерлер (ЖК). Егер 20 өңір бойынша қарасақ, әр өңірде орта есеппен 150 мыңнан астам осындай азамат бар. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұл да жаңа Салық кодексін қабылдау аясында қарастырылып жатыр: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар "көлеңкеден шығып", табысын ашық көрсетуі, жарналарын төлеуі және әрине, зейнетақы жинақтарын қалыптастыруы қажет", – деді Ертаев.
Бұған дейін министр зейнетақы жинақтарының бір бөлігін шешіп алуда ең төменгі жеткіліктілік шектерін арттыруды ұсынғанын жазғанбыз.