ШҚО-да полицейлер мал ұрлығының бетін ашты

Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданында полицейлер түнгі уақытта жасалған мал ұрлығы фактісін ашты.

Анықталғандай, наурыз айының басында екі таныс алдын ала мал ұрлауды жоспарлап, аудан аумағындағы шаруашылықтардың біріне барған.

Қарлы жермен жүру үшін күдіктілер ат пен шананы пайдаланып, ұрланған малды байқатпай алып кетуді көздеген.

Түн жамылған уақытта олар бес бас ұсақ малды ұрлап кеткен. Қылмыстың ізін жасыру үшін малды көрші елді мекенге апарып, заңсыз екенін біле тұра танысының қорасына жасырған. Келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгеден асты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктілердің жүріп өткен бағытын анықтап, ұрланған малды тірі күйінде тапты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұрланған мал заңды иесіне қайтарылды.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін