Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады.
Маршрутқа "Алматыэлектротранс" ЖШС қызмет көрсетеді. Күн сайын желіге Yutong маркалы 15 автобус шығарылады. Бұл ұзындығы 10 метр болатын заманауи төмен еденді автобустар. Әрқайсысына 80 жолаушыға дейін сыяды, бұл қарбалас уақытта жолаушыларға тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жылжымалы құрам жоғары жайлылық деңгейімен, кеңдігімен, бірқалыпты қозғалысымен ерекшеленеді және қауіпсіздік пен экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді.
Қозғалыс аралығы 9 минут, бұл жолаушыларға ұзақ күтпей, сапарларын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді.
№130 бағыт Қалқаман шағынауданындағы №7 қалалық клиникалық аурухананы "Көктөбе" соңғы аялдамасымен байланыстырады. Бағыттың жалпы ұзындығы 21,5 км. Автобустар күн сайын сағат 05:30-дан 23:00-ге дейін қатынайды.
Маршрут бойында автобустар Райымбек батыр, Сейфуллин, Достық даңғылдары, Сәтбаев көшесі және қаланың басқа да маңызды көшелері арқылы өтеді.
Сондай-ақ автобустар бұрын қоғамдық көлік жүрмеген Бұқар жырау бульвары бойымен де қатынайды.
Жаңа бағыт қаланың батыс және орталық бөліктері арасындағы байланысты жақсартып, әлеуметтік нысандарға, медициналық мекемелерге және танымал қалалық орындарға қолжетімділікті арттырады.