Алматыда автокөліктерді тексеру барысында шығарындылардың шекті нормадан асып кету деректері анықталды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда қаланың атмосфералық ауасын қорғау қағидаларын іске асыру аясында экологиялық бекеттерде автокөліктердің шығарындыларына тұрақты түрде мониторинг пен тексеру жүргізіліп келеді. Бұл туралы "Eco Almaty" ЖШС өкілдері хабарлады.

30 наурыз бен 4 сәуір аралығында автокөлік құралдарының пайдаланылған газдарындағы улы заттар мен түтін деңгейіне 4 453 өлшеу жүргізілді. Оның ішінде 4 404-і бензинмен жүретін, ал 49-ы дизель отынын пайдаланатын көлік құралдарына тиесілі.

Мониторинг қорытындысы бойынша 715 автокөліктен белгіленген экологиялық нормалардың асып кеткені анықталды. Оның ішінде 693 жағдайда көміртегі тотығы (CO), ал 22 жағдайда түтін деңгейі бойынша шекті мөлшерден жоғары көрсеткіш тіркелген. Бұл тексерілген көлік құралдарының жалпы санының шамамен 16%-ы.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 334-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырды.

Мониторингтің мақсаты — қаладағы экологиялық ахуалды бақылау және автокөлік шығарындыларынан туындайтын ауа ластануын азайту.

"Eco Almaty" ЖШС-нің мәліметінше, мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп келеді және алдағы уақытта да жалғасады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді