Алматының Бостандық ауданында жол жөндеу мен инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқын алды

Фото: Zakon.kz
Алматының Бостандық ауданында жол жөндеу және көше-жол желісін дамыту жұмыстары қарқын алды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Азамат Қалдыбеков журналистерге осылай деп мәлімдеді.

Жыл басынан бері ауданда 4,3 мың шаршы метр жол жабыны жөнделді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 40 мың шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Үлкен көшелер мен аулаішілік жолдарда да жұмыс қызып жатыр.

"Біз жолды жақсартуға жүйелі түрде қарап, алдымен негізгі жолдан бастап, біртіндеп аулаішілік көшелерді қолға алмақпыз", — деді Азамат Қалдыбеков.

Сонымен қатар ауданда 1 мыңнан астам люкті ауыстырып, ұзындығы 32 шақырым болатын 50 көшеде орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарға енген.

Бұған қоса, қауіпсіздікті арттыру мен жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту бағытында жұмыстар қатар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жаңа жүргіншілер аймақтары салынып, әл-Фараби даңғылы бойындағы техникалық тротуар көркейтілді.

Көше-жол желісін жаңғырту жұмыстары биылғы жылдың екінші тоқсанында да жалғасады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз