1 млрд теңгеден астам шығын: Ресей Қазақстанға трансұлттық қылмыстық топ мүшесін экстрадициялады

Сурет: ҚР Бас прокуратурасы
Бас прокуратура мен ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен трансұлттық қылмыстық топ құрамында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналасқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ресейден Қазақстан азаматы экстрадицияланды.

Қадағалау органының мәліметінше, күдікті, 2023 жылы Ресей Федерациясының аумағына шығарып сату мақсатында, Қазақстан аумағы бойынша акцизделетін тауарларды (темекі) сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз сақтап, тасымалдаған.

Нәтижесінде, акциздік салықтың Қазақстан бюджетіне түспеген қаражат 1 миллиард теңгені құраған.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылғы сәуірде ол Ресейде ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда комиссияны кім төлейді – банк пе, сатушы ма, әлде сатып алушы ма

Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді

ҰТО "грантқа түсіреміз" деген хабарламаларға қатысты ескерту жасады

Қазақстанда қайтадан +42°С ыстық болады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді