Ақтауда қызыл балықты заңсыз тасымалдаған азамат ұсталды

Фото: Zakon.kz
Республика аумағында 1–31 сәуір аралығында "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құқық бұзушылықты анықтады.

Аталған факт Маңғыстау облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тіркелген.

ЖБО инспекторы Алматов Р. жедел шаралар қабылдап, күдіктіні ұстады. Ақтау қаласындағы МАЭК маңындағы айналма жолда автокөлік тоқтатылып, тексерілді. Тексеру барысында көліктен шамамен 40 келі (9 дана) заңсыз тасымалданған қызыл балық тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлармен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға және табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануға жол бермеуге шақырады.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету — әрбір азаматтың ортақ міндеті. Маңғыстау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы