ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген 17 адам жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы тарапынан қос азаматтық фактілерінің жолын кесу бағытында тұрақты түрде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері 250-ден астам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту дерегі тіркелді. Негізінен, бұл – басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдап, қолданыстағы заңнама талаптарын орындамаған тұлғалар.

Жүргізілген жұмыстар аясында 17 адам жауапқа тартылды. Мысалы, тексеру іс-шаралары барысында облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны анықталды.

Ол 2026 жылдың ақпан айында көрші мемлекеттің азаматтығын алып, заң талаптарына сәйкес уәкілетті органдарға белгіленген мерзімде хабарламаған.

Салдарынан оған қатысты заңда көзделген шаралар қабылданып, Қазақстан Республикасы азаматының құжаттары тәркіленіп, азаматтығынан айырылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда. ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек