Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан топтың әрекетіне тосқауыл қойылды

Фото: Zakon.kz
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қазығұрт ауданының полицейлерімен бірлесіп, үй жануарларын ұрлаумен айналысқан адамдар тобының заңсыз әрекетін тоқтатты.

Атап айтқанда, Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз тұлғалар оның 20-дан астам қойы мен сиырын ұрлап кеткен.

Келтірілген материалдық шығын шамамен 5 миллион теңге болған. Ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел-тергеу іс-шараларының кешенін жүргізіп, айғақтарды зерделеп, мал ұрыларының ізіне түсті.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 20-35 жас аралығындағы 5 күдікті ұсталды. Тінту барысында күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен 17 бас қой мен бір сиыр тәркіленді.

Олар ұрланған малдың бір бөлігін күдіктілер базарда сатып, түскен қаржыны қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша полиция қызметкерлері қажетті шараларды жалғастырып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы маңында есірткі зертханасы жойылды: күдікті өмір бойына түрмеге тоғытылуы мүмкін

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

ШҚО-да жоғалған сәби аман-есен табылып, ата-анасына табысталды

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Ақын, аудармашы Нұртас Исабаев дүниеден озды