Ешкім күтпеген жерден табылды: Абай облысында 3 жасар баланы соңғы сәтте полицей құтқарды

Фото: pexels
Абай облысында атпен жүрген полицей айдалада жоғалған баланы тапты.

Абай облысында жоғалған 3 жастағы баланың дер кезінде табылуы — қайғылы жағдайдың алдын алған шынайы ғажайыпқа айналды.

Оқиға 8 сәуір күні Ақсуат ауданында болған. Кішкентай бала байқатпай үй ауласынан шығып кетіп, белгісіз бағытта жоғалып кеткен.

Таңертең ерте туыстары іздеу жұмыстарын бастап, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабар берген. Хабар түскен сәттен бастап өңірдің полиция қызметкерлері дереу жұмылдырылып, іздестіру жұмыстары басталды.

Әрбір минуттың маңызды екенін түсінген тәртіп сақшылары елдімекен маңын, ашық даланы, барлық ықтимал бағыттарды мұқият тексерді. Бірнеше сағатқа созылған іздеудің нәтижесінде атпен жүрген полиция қызметкері елдімекеннен алыс айдалада жалғыз жүрген кішкентай баланы байқап қалады.

Толқығанын жасыра алмаған полицей балаға: – "Айналайын, келе ғой…" – деп тіл қатады.

Сағат 14:00 шамасында бала елдімекеннен шамамен 3 шақырым жерден табылды. Абырой болғанда, оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген. Бала тек адасып кеткені анықталды.

Бұл оқиға — жедел әрекет пен үйлесімді жұмыстың, сондай-ақ әрбір минуттың маңызын айқын көрсетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды